Мангистауская область
Гражданский Альянс Казахстана
Құрық ауылында жастарға арналған ашық кітап бұрышы ашылды
Маңғыстау облысының Құрық ауылында жастардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, рухани-мәдени дамуына қолдау көрсетуге және оқу мәдениетін қалыптастыруға бағытталған «Жастарға ашық кітап бұрышы» жобасы іске асырылды.
Жобаның басты мақсаты – жастардың білім көкжиегін кеңейтіп, кітап арқылы танымдық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік жасау. Сонымен қатар бос уақытты тиімді ұйымдастырып, өздігінен білім алуға ынталандыратын қолжетімді әрі жайлы оқу кеңістігін қалыптастыру көзделген.
Ашық кітап бұрышы жастар үшін білім мен руханияттың қолжетімді ортасына айналмақ. Мұнда оқырмандар өз қызығушылықтарына сай әдебиеттермен танысып, пайдалы ақпарат алып, кітап оқу арқылы дүниетанымын кеңейте алады. Мұндай бастамалар жас ұрпақтың кітапқа деген сүйіспеншілігін оятып қана қоймай, ізденімпаздық пен үздіксіз білім алуға деген ұмтылысын арттыруға ықпал етеді.
Жобаның бастамашысы әрі жүзеге асырушысы – Құрық ауылының тұрғыны, шағын грант иегері Жетіс Ақбаян Қайратқызы. Ол «JASA» жобасы аясында ұйымдастырылған «Ауыл жастарының урбанистикалық бастамаларына қолдау көрсету» бағыты бойынша өткізілген шағын гранттар байқауының жеңімпазы атанған болатын.
«Жастарға ашық кітап бұрышы» – ауыл жастарының интеллектуалдық және рухани әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Кітап оқуға қолайлы орта қалыптастыру арқылы жоба жастардың танымдық белсенділігін арттырып, білімге құштар ұрпақ тәрбиелеуге өз үлесін қосады.